Accessibility links

Кеше Наджафта болған мәшинедегі бомбалық жарылысқа байланысты Ирақ полициясы бүгін 50 күдіктіні қамауға алды


Жексенбі күні сондай-ақ Кербала қаласында да жанпидашы жүргізген көлік жарылысы болды. Ирақта қасиетті мекен есептелетін Наджаф және Кербала қалаларында болған бұл екі жарылыс салдарынан кемінде 62 адам құрбан болып, 180 адам жарақат алған. Жарылыстардан кейін Мұсылман шиит жетекшілері өз қолдаушыларын ұстамдылыққа шақырды. Бас Аятолла Мұхаммед Саид әл-Хәкім шабуылды ұйымдастырушылар "елде төңкеріс пен тұрақсыздық тудыруға тырысып отыр" десе, ендігі бір діни қызметкер Мұхаммед Бахр әл-Улум бұл - Ирақта діни ағымдар арасында соғыс өртін тұтату арқылы қаңтардың 30-ына белгіленген сайлауларды болдырмау әрекеті,- деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG