Accessibility links

Украина президенттігіне оппозициядан үміткер Виктор Юшенко өз қолдаушыларын алдағы жексенбідегі сайлауға түгел қатысуға шақырды


Себебі үміткерді айтуынша, сайлаудың бұл 3-туры оңай болмайды. -Сөзсіз жеңіс үшін, дауыс ұрланбауы үшін, дауыс беруге барлықтарыңыз міндетті түрде келулеріңіз керек, - деді Виктор Ющенко.

Ал Кировоград қаласында болған шеру кезінде 2-үміткер, бас министр Янукович өз қарсыласы Ющенконы қызғылт-сары төңкеріс жасауда деп айыптады.

-Алдағы сайлауда бұл қызғылт-сары төңкеріс үшін дауыс беретіндер Украина халқының болашағына қарсы дауыс берушілер деп түсініңіздер. Олар Украина жерінің нағыз иелеріне қарсы шыққандар, - деді Виктор Янукович.

Қарашаның 21 інде болған президенттік сайлаудың 2-айналымында Янукович шамалы дауыс басымшылығымен жеңіскер деп жарияланғанымен, ондағы келеңсідіктерге байланысты Украина жоғарығы соты ол сайлау нәтижесін заңсыз деп тапты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG