Accessibility links

Ирақта кеше орын алған жарылыстар мен атыстарда 17 Ирақ полицейі мен ұлттық ұлан жауынгері және 3 британ азаматы қаза болды


Ирақта кеше көтерілісшілер жүзеге асырған жарылыстардан кем дегенде 20 адам, оның ішінде Бағдадта болған соңғы жарылыстан британдық 3 азамат құрбан болды. Ұлы Британияның сыртқы істер министрлігі оның жай-жапсарын хабарламай отыр. Ирақтың бірнеше қаласында кеше орын алған жарылыстар мен атыстарда 17 Ирақ полицейі мен ұлттық ұлан жауынгері қыршын кетті. Бағдадтың өзінде үш жарылыс, оның ішінде Ирақ премьері Айад Аллауи бастаған партияның штаб-пәтері маңында бір жарылыс болып, оны “Ансар Ас-Сунна армиясы” тобы өз мойнына алды. Франс Пресс агенттігіне Ирақ өкілі, генерал Мухаммад Абдулла Шахвани: “Ирақтағы АҚШ армиясынан гөрі оған қарсы бүлік әлдеқайда қуатты”, -деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG