Accessibility links

Кеше Бағдадта бірнеше жарылыс болды


Австралия елшілігі мен Ирақтың қауіпсзідік күштерін нысанаға алып жарылған бірнеше бомбалық жарылыстарда кемінде 26 адам опат болған. Алғашқы жарылыста екі Ирақ азаматы қаза тапқан, бұдан басқа бірнеше жарылыс та Бағдад маңайында орын алды. Сәл кейінірек Мосулдың солтүстігінде болған бомба шабуылында 18 адам қаза болып, кемінде 50 адам жарақаттанған. Австралия елшілігі жанындағы бомба жарылысының жауапкершілігін Абу Мұсаб әл-Зарқауидың бүлікшіл тобымен байланысты топ мойнына алған. Ақ үй сайлау қарсаңында Ирақта шабуылдардың көбейіп кетуі көтерілісшілердің 30 қаңтардағы сайлауға кедергі келтіру мақсатынан туындап жатыр деп айтқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG