Accessibility links

Ирақта сайлау алдындағы қарулы топтар тарапынан күш қолданулар тиылар емес


Жанармай құйылған Түрік авто-цистернасын қарулы топ шабуыл жасап, жағып жіберген. Ал, жүргізушісі өлтірілген екен. Оны қорғап келе жатқан АҚШ өкілдері қайтадан Мосулға қарай бет түзеген екен. Мосулдағы сайлау бекетінің біріне шабуыл жасалған. Бағдаттың солтүстігінде бомбалық жарылыстан алты адам қаза болған. Сайлаулар нәтижесі елдегі күш қолдануларды азайта түсер, деп ел басшылығы үміт етуде. АҚШ-тың Ирақтағы елшісі Джон Негропонтьенің айтуынша, сайлау алды қауіпсіздік шараларының жоспарлары әзір күйінде. Кепілдіктен босатылған сегіз Қытай азаматы Қытай дипломаттарына табыс етілген. Оларға зақым келтірілмеген екен.
XS
SM
MD
LG