Accessibility links

Тәжікстанда төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің жанында болған жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғалды


Тәжікстан үкіметі төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің жанында кеше болған жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Әлгі жарылыстан кем дегенде 1 адам – автокөліктің жүргізушісі қаза болып, қауіпсіздік министрлігінің кеңсесінде өрт шықты. Тәжік сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, жарылыс газбен жүретін автокөлік бөлшектерінің бұзылуынан шыққан көрінеді. Ресейлік ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Тәжікстан қауіпсіздік қызметінің аты-жөнін атамаған қызметкерлері жарылған әлгі автокөліктің жанар-жағар маймен жүретінін мәлімдеген.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG