Accessibility links

Дүниежүзілік қоғам Ирақтағы шийттерді елдегі өзге ұлттық және діни топтармен ынтымақтасуға шақырады


Дүйсенбі күні Ирақтағы көтерілісшілер елдің қауіпсіздік күштеріне тасадан шабуыл жасап, ұлттық ұланның 3 жауынгері мен 2 полиция қызметкері және 2 бейбіт тұрғын оққа ұшты. Партизандар, сондай-ақ, Киркук қаласының іргесіндегі мұнай құбырын істен шығармақ болды. Онымен қарама-қатар шийт мұсылмандарының “Бірікккен Ирақ альянсы” партиясы жеңіске жеткен 30 қаңтардағы ұлттық сайлаудан кейін жаңа үкіметті жасақтау мәселесі бойынша елдегі партиялар арасында келіссөздер басталды. Дүние жүзі қауымдастығы Ирақтағы шийттерді елдегі барлық ұлт пен діни топтармен ынтымақтасуға шақырды.
XS
SM
MD
LG