Accessibility links

Иран келісімдерді жалғастыру наурыз айында бір нәтиже береді дейді


Тегеранның уранды байытуды тоқтату жөніндегі Одақ қойып отрыған талаптарға сәйкес келіссөздерді жалғастыруы қажеттігіне байланысты келісімдер наурыз айының ортасына қарай бір нәтиже беретін болады деген. Бұл турасында Европа одағының қазіргі президенті Люксембургпен келіссөздерден кейін өткізілген баспасөз-мәслихатында Иранның сыртқы істер министрі Камал Харрази айтқан. Иран уранды байыту біздің өз мақсаттарымыз үшін, демек электр қуатының жаңа үлгілері үшін қажет дейді. Ал Вашингтон бұл сондай-ақ ядролық бомба жасау үшін де қолданылады, Тегеран оны жасырын жасап отыр деген айып тағады. Харрази ядролық, саяси және экономикалық проблемаларды шешудің жолдарын іздеудемін деген. Франция мен Германия, Ұлыбритания егер Тегеран уранды байыту бағдарламасынан бас тартатын болса, Иранға сауда және экономикалық жеңілдіктер жөнінде ұсыныс жасаған болатын. Иран өткен қараша айында уран байытуды уақытша тоқтата тұруға келіскен болатын.
XS
SM
MD
LG