Accessibility links

Ю.Тимошенко (Украина): “Киев пен Мәскеу өзара қарым-қатынастарының екі жаққа да тиімді болуын басшылыққа алуы керек"


Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров жаңа басшылығы батысқа көбірек бет бұрған Украинамен арадағы қарым-қатынасын өзгерту мақсатында Киевке келді. Онымен арадағы келіссөзінің басында Украина премьері Ю.Тимошенко Мәскеудің Киевпен арада құрдастық саясат ұстанғысы келмей, жөн сілтеуге тырысып баққанын ескере отырып, екі елдің жетекшілері өзара қарым-қатынастарының екі жаққа да тиімді болуын басшылыққа алуы керек деп мәлімдеді. Өз кезегінде С.Лавров Мәскеу мен Киевтің арасындағы ынтымақтастық бұрынғы үдемелі қалпында сақталуы керектігін атап көрсетті. Жексенбі күні С.Лавров Мәскеу өзіне тәуелсіз сыртқы саясатын ұстанғысы келген кешегі советтік республикалардағы саясатын күшейтуге тиіс деп мәлімдеген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG