Accessibility links

Қырғызстан мемлекеттік радиосы "Азаттық" радиосының хабарларын таратуды тоқтатты


Қырғызстан мемлекеттік радиосы кеше "Азаттық" радиосының хабарларын беруді тоқтатты. "Азаттық" радиосының қырғыз тіліндегі хабарлары мұнда орта толқындарда және ФМ-толқындарда таратылып келген еді. "Азаттық" радиосының хабарларын Қырғызстанда қазір бір ғана серіктес компания таратып отыр. Ол - Бішкек, Ош және Нарын қалаларында ФМ-толқындарда қызмет ететін "Алмаз" радиосы.
XS
SM
MD
LG