Accessibility links

Қырғызстанда жексенбіде парламент сайлауы өтеді


Науқан қарсаңында кеше наразылық демонстрациялары көбейе түсті, жұрт оппозициялық үміткерлердің сайлау додасынан шығарылғанына қарсылық көрсетті. Жоғары сот кеше өзінің бұрынғы шешімін растап, оппозиция белсендісі Арсланбек Малиевті парламенттік сайлаудан шығарып тастады. Ыстық-Көл облысы Боконбаев ауылында үш мыңдай адам әкімшіліктің бас ғимаратының алдында жиналған. Мұндағы наразылық шараларының өтіп жатқанына кеше төртінші күн болды, ауылдардың тұрғындары жолдарды жауып тастады. Кочқор ауылында сайлаудан шығарылған басқа оппозициялық үміткер Ақылбек Жапаровты қолдаған үлкен демонстрация өтті. Қырғызстан полициясы сайлау алдында толқуларға жол бермеу үшін қауіпсіздік шараларын күшейттік дейді.
XS
SM
MD
LG