Accessibility links

Қырғыз оппозициясы: “Қоғамдық сайлауға деген бұқара халықтың үмітін алдаған президент мемлекет басшысы лауазымында қала алмайды”


БІШКЕК. Қырғызстан парламенті – Жогорку Кенештің төменгі палатасының оппозициялық 20 депутаты жуырдағы парламент сайлауының нәтижесін жою мен президент сайлауын ертерек өткізуді талап етіп өзара бас қосты. Олардың мәлімдеуінше, оппозициялық үміткерлерді сайлаудан аластату үшін ресми билік заңды өрескел бұзды – билік ресурстарын заңсыз қолданып, сайлаушыларға қысым жасады, тәуелсіз баспасөзді қудалады. 20 депутат президент А.Ақаевқа қазан айына тағайындалған президент сайлауын шілде айында өткізуге және қазіргі қос палаталы парламентті қараша айына дейін қалдыруға шақырған хат жолдады. Депутаттарға парламент үйінің жөндеуге жабылуына байланысты көшеде бас қосуына тура келді. Оппозиция мүшесі Алевтина Проненко президент А.Ақаевқа жолданған хаттың мәтінімен парламент үйінің сыртында оқып таныстырды. Онда, бір жағынан, сайлаудың әділ өтуін ашық қолдап, екінші жағынан сайлаудың өрескел бұрмалануына жол беріп, қоғамдық сайлауға деген бұқара халықтың үмітін алдаған президенттің мемлекет басшысы лауазымында қала алмайтыны айтылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG