Accessibility links

Бүгін Украина президенті В. Ющенконың Түркменстандағы сапары аяқталады.


Екі елдің президенттері кешегі кездесулерінде екі елдің арасындағы қарым-қатынастардың мәртебесі жақсы деп бағалады. Сейсенбі күні Ашхабаттағы Наурыз мерекесін тамашалағаннан соң Ниязов Украина мен Түркменстан байланыстары Совет үкіметі құлағаннан кейін жақсара түсті деп айтты.

- Бізде тәуелсіздік жылдарынан бастап, ерекше қарым-қатынастар қалыптасты. Біз алғашқы жылдардан-ақ Украинаға газ жане басқа халық тұтынатын тауарлар бере бастадық.

Ющенко мен Ниязов қуат көздері проблемасына ерекше назар аударатын болады деп хабарланған еді. Түркменстан Украинаға ең үлкен көлемде табиғи газ жөнелтеді. Осы жылдың басында Түркменстан газ беруді уақытша тоқтатып, көгілдір отын құнын 32 процентке қымбаттатты, сөйтіп Украина осындай бағамен есеп айырысуға мәжбүр болған.
XS
SM
MD
LG