Accessibility links

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қырғызстанда азаматтық қоғам өмірінің қайта қалпына келуіне көмектесуді көздеп отыр


Ұйым өкілі Алойз Петерле бұл жөнінде Бішкекте уақытша елбасы әрі өкімет басшысы Құрманбек Бакиевпен және басқа ресми тұлғалармен пікір алысқан. Атап айтқанда, көпшілік орындарда тәртіп орнату, елде жаңа сайлау өткізу барысына және заңдық, конституциялық шараларды қалпына келтіруге көмек жайы талқыланған. Халықаралық ұйымның бас хатшысы Ян Кубиш бүгін Бішкекке келмекші.
XS
SM
MD
LG