Accessibility links

Кофи Аннан коррупция айыбынан ақталды


Біріккен Ұлттар Ұйымының мұнайға азық-түлік айырбастау бағдарламасының төңірегіндегі тергеу аяқталып, бас хатшы Кофи Аннан жөніндегі күдіктер алынып тасталды. Тексеруге себеп болған жағдай – Кофи Ананның ұлы жұмыс істеген "Котецна" компаниясына 1998 жылы бағдарлама аясында жөнсіз контракт берілді делінген болатын. Сөйтіп арада "мүдделер қақтығысы" приниципі бұзылды деген айып тағылды. Тергеудің пікірінше, Кофи Аннан баласының "Котецна" компаниясында істегенін білмеген. Кофи Аннан мәлімдеме жариялап, кез-келген айыптан ақталдым деді. Дегенмен, АҚШ сенатының мүшесі Норм Колеман Аннан бұл шатақ үшін қызметінен кетсін деген талабын тағы ортаға салды.
XS
SM
MD
LG