Accessibility links

Үндістан мен Пәкістан халықаралық автобус жолы қатынасын қайта ашты


Бүгін Кашмирдің Үндістан бақылауындағы астанасы - Сринагардан екі автобус жолға шықты. Бұдан бір күн бұрын алғашқы автобусты күткен жолаушылар отырған ғимаратта жарылыс болған еді.

Бүгінгі салтанатта сөйлеген Үндістан бас министрі Манмохан Сингх бейбіт керуенді ешнәрсе де тоқтата алмайды деп атап көрсетті.

- Біз үшін бұл есіктің ашылғаны маңызды болды, Үндістан мен Пәкістанның қол ұстасып алға басуы үшін, біз өз адамдарымызды құрметтейтінімізді көрсеттік, - деді бас министр Сингх.

Полиция Сринагардың сыртында бастап бара жатқан автобусқа қарай бірнеше оқ атылды, бірақ, ешкім жараланған жоқ деп айтқан. Дәл осы уақытта Кашмирдің Пәкістан бақылауындағы астанасы - Музаффарабадтан да автобус жолға шыққан еді. Екі ел бейбіт процестің бір бөлігі ретінде мұндай шешімге ақпан айында келген болатын.
XS
SM
MD
LG