Accessibility links

Дели мен Исламабад екі жақты сауда мен көлік қатынасын дамыту туралы уағдаласты


ДЕЛИ: Жексенбі күні кешкісін Үндістан премьер-министрі Манмохан Синхпен арада Делиде өткізген келіссөзін Пәкістан президенті Первез Мушарраф “жемісті” әрі “оң” деп бағалады. Оның алдында Синх пен Мушарраф екі ел командаларының Пәкістан жағы жеңіске жеткен крикет ойынын бірге қызықтады. “Бұл күн өте жемісті әрі пайдалы болды. Крикет ойынындағы жеңістен басқа келіссөз де өте жемісті болды”, -деп мәлімдеді Пәкістан президенті. Оның атап көрсетуінше, Кашмир мен Джамму проблемасы да сөз болған. Бірақ ресми өкілдердің хабарлауынша, тараптар аталған 2 штатқа деген өз талаптарын тағы да алға тартты.
XS
SM
MD
LG