Accessibility links

Вьетнам бұрынғы қарсыластарымен достық байланыс орнатқысы келеді


Бүгін оңтүстік Вьетнамның астанасы Сайгонның 1975 жылы 30 сәуірде құлағанына 30 жыл толуына арналған салтанатта Вьетнам премьер-министрі Фан Ван Хай өз елінің бұдан 30 жыл бұрынғы Вьетнам соғысындағы жауымен жаңа достық қарым-қатынас орнатқысы келетіндігін айтқан.

Салтанатқа қатысқан Вьетнам жетекшілері мен соғыс ардагерлері, шетелдік қонақтар арасында АҚШ-ың елшісі Майкл Мэрин де болған. Хай өз үкіметі өткенді жауып, бұрынғы қарсыластарымен достық ниет орнатқысы келеді деген.
XS
SM
MD
LG