Accessibility links

Экс-презиент А.Ақаевтың қызы Бермет парламент депутаты мандатынан айырылды


БІШКЕК. Бүгін Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы бұрынғы президент А.Ақаевтың қызы Берметті депутаттық мандатынан айырды. Комиссия ақпан-наурыз айындағы парламент сайлауы барысында Бермет Ақаева дауысқа түскен аймағының сайлау нәтижесін мұқият тергеп, сайлаудың заңсыз өткеніне көз жеткізді. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы сайлау нәтижесін заңсыз деп тауып, Ақаеваны депутаттық мандаттан айыру мәселесін дауысқа салып шешті. Оның әкесі А.Ақаев – наурыз айындағы халық төңкерісінің нәтижесінде биліктен қуылып, қазір Ресейде тұрады. Бермет Ақаева парламент жұмысына қатысу үшін Мәскеуден өткен айда Қырғызстанға оралған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG