Accessibility links

Ливандағы парламент сайлауының үшінші турында сирияшыл саяси бірлестік жеңіске жетті


БЕЙРУТ. Ливандағы парламент сайлауының жексенбі күні болып өткен үшінші турының бүгін жарияланған ресми қорытындысы жергілікті христиандардың лидері, бұрынғы генерал Мишель Аун бастаған саяси бірлестіктің осы өлкеге бөлінген 16 депутаттық орынның 15-сін жеңіп алғанын көрсетті. Мишель Аун – 14 жылдай қуғында болған Франциядан жақында ғана оралды. Ливанның Сирияға қарсы оппозициялық күштері Дамаскінің саяси үстемдігін жою мақсатында 128 депутаттық парламентте басым дауысқа ие болуды көздеген болатын.
XS
SM
MD
LG