Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш Иранның жаңа сайланған президенті Махмұд Ахмадинежадтың өткен өмірі мен қызметі жайлы сұраққа жауап алғысы келетінін мәлімдеді


1979 жылы Тегерандағы АҚШ елшілігінде кепілдікте ұсталғандардың екеуі Ахмадинежадтың сол кезде елшілікті басып алғандардың қатарында болғанын таныдық деп отыр. Дж.Буш Ахмадинежадтың ол оқиғаға қатысы жөнінде білмеймін дей келе, бірақ, бұны анықтау керек деген. Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Стефан Хадлей 444 күнге созылған сол кепілдік тұтқыны драмасындағы суреттер мен ақпараттарды талдап, ой елегінен өткізу қажет деді.

Ал Ирандағы бұрынғы студенттер жетекшісі Сейднежад болса, Ахмадинежадтың 52 американдықты тұтқынға алған оқиғаға қатысы болған жоқ, ол керісінше оған қарсы қозғалыста болған еді деп айтқан:

- Ахмадинежад мырза Бірлесу кеңесінің негізін қалаған бастауыш ұйымның мүшесі болды, кейіннен Орталық кеңестің күн тәртібіне Америка елшілігін басып алу мәселесі қойылған кезде ол екеуміз оған қарсы шыққандар қатарында болдық.

Иранның жаңа президенті Ахмадинежадтың өзі бұл айтылғандарға орай әзірге ешқандай пікір білдірмеген.
XS
SM
MD
LG