Accessibility links

Мысырдың Шарм Аш-Шайх курортындағы таңертеңгі бірнеше дүркін жарылыстан қаза болғандардың саны сағат сайын өсіп келеді


ҚАЙЫР. Бүгін таңертең Мысырдың Қызыл теңіз жағалауындағы курортты Шарм Аш-Шайх қаласында бірнеше дүркін жарылыс болып, қаза болғандардың саны сағат сайын өсіп келеді. Соңғы мәлімет бойынша, кем дегенде 35 адам қаза болды. Полиция мен құтқарушылардың хабарлауынша, бір қонақ үйге нұқсан келтіріп, өзге қонақ үйлердің жанында болған әлгі жарылыстардан 100-ге тарта адам, оның ішінде бірнеше еуропалық турист жарақат алды. Турист базарында да жарылыс болғаны жайында хабар келді. Жарылыстардың неден және неше рет болғаны әзірше белгісіз. Рейтер агентігінің хабарлауынша, полиция бұл қастандықтар бомба қойылған автокөліктермен жүзеге асырылды ма деп отыр.
XS
SM
MD
LG