Accessibility links

Бүгін Сауд Арабия патшасының жаназасы шығарылады


Бүгін Сауд Арабия патшасы Фахдтың жаназасы шығарылады, патшаның зиратына елдегі қатаң діни салт бойынша ешқандай белгі қойылмайды. Уахаббизм діни салты бойынша ешқандай аза тұту атқарылмайды. Фахд кеше өкпе қабынуынан қайтыс болды, оның жасы 83-те деп айтылды. Ел астанасы Риядта өтетін жаназаға Сирия, Пәкістан және басқа мұсылман елдерінің басшылары қатыспақ. Батыс елдерінің басшылары мен патша әулеттерінің өкілдері де келіп, көңіл айтпақ. Сауд Арабия патшасы болып кеше Абдолла ханзада жарияланды, ол елді іс жүзінде 1995 жылдан бері басқарып келеді.
XS
SM
MD
LG