Accessibility links

Еуроодақтың ұсынысын қабылдамаған Иран БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің жазасына тап болуы ықтимал


ТЕҺРАН. Бүгін Иранның жаңа сайланған президенті Махмуд Ахмадинеджад елдің тәуелсіздігі мен исламды қорғауға ант беріп, ресми түрде міндетіне кірісті. Ол елдің ядролық бағдарламасы төңірегіндегі халықаралық дағдарысты көтерген жоқ, бірақ “Иран халқы өзіне күш көрсетуге жол бермейді” деп мәлімдеді. Оның алдында Иранның сыртқы істер министрлігі оның ядролық бағдарламасы маңайындағы дағдарысты шешу мақсатымен Еуроодақтың соңғы ұсынысын “тиімсіз” деп бағалап қабылдамады. Батыс дипломаттарының атап көрсетуінше, Теһранның бұл әрекеті - БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесін оған қарсы жаза қолдануға мәжбүр етуі мүмкін. Атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігі Иранның осы проблемасын талқылау үшін келесі сейсенбіде Венада бас қосады.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG