Accessibility links

Франция Иранды өзінің ядролық бағдарламасы бойынша Еуроодақпен уәжге келуге шақырады


ПАРИЖ. Бүгін Франция президенті Жак Ширак Иранды оның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөзге қайта оралуға шақырып, басқаша жағдайда БҰҰ-ы Қауіпсіздік Кеңесінің жаза қолдануына тап болуы мүмкін екенін ескертті. Бұл пікірін францұз президенті отандық дипломаттарымен арадағы жыл сайынғы кездесуінде ортаға салды. Сондай-ақ Ж.Ширак Теһранды өзімен Еуроодақ атынан келіссөз жүргізіп келген Германия, Франция және Ұлы Британияның бірлесіп берген ұсынысымен мұқият танысуға үндеді. Бірақ ядролық бағдарламасының орнына экономикалық жеңілдіктердің берілетіні айтылған ол ұсынысты Иран қабылдамай, ядролық бағдарламасын дамытуға құқы барлығын дәлелдеумен келеді. АҚШ Теһраннан жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп күдіктенеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG