Accessibility links

П.Мушарраф: “...тәуелсіз Палестина мемлекеті құрылғанша, Исламабад Тель-Авивпен арада дипломатиялық қатынас орнатпайды”


ИСЛАМАБАД. Кеше Стамбулда Пәкістан мен Израиль сыртқы істер министрлерінің алғашқы келіссөзі болып өтті. Оның ізінше Пәкістан президенті П.Мушарраф тәуелсіз Палестина мемлекеті құрылғанша, Исламабад Тель-Авивпен арада дипломатиялық қатынас орнатпайды деп мәлімдеді. “Израильдің Газа аймағынан еврей қоныстарын шығаруына Исламабад айрықша мән береді. Біз мұны Израиль басқыншылығы жойылып, онымен көрші әрі бейбітшілікте отырған Палестина мемлекетін құрудың бастамасы деп білеміз. Сол себепті де Пәкістан Израильмен жақындасуға бел шешіп отыр”, -деп мәлімдеді Пәкістанның сыртқы істер министрі Қуршид Қазури. Өз кезегінде Израильдің сыртқы істер министрі пәкістандық әріптесімен арадағы келіссөзін “тарихи оқиға” деп бағалап, барлық мұсылман және араб елдерінің Израильге деген көзқарасын өзгертетін кез келді деп атап көрсеті.
XS
SM
MD
LG