Accessibility links

Украина президенті В.Ющенко күні кеше өзін қолдаған саяси күштерден сын естуде


КИЕВ. Бүгін Украина парламенті – Жоғарғы Рада - жаңа сессиясын президент В.Ющенконың үкіметін қатты сынаумен ашты. Парламент спикері Володимир Литвин: “үкімет “жаңа тәсілмен” іс атқарғандай көрінгенімен, іс жүзінде бұрынғы президент Леонид Кучманың режимі тұсындағыдай жұмыс істеуде деп мәлімдеді. Оған қоса спикер үкіметті көзбояушылықпен айналысып отыр деп айыптап, елдегі саяси тұрақсыздықты, экономикалық дағдарысты және сыртқы саясаттың нәтиже бермей отырғанын өкінішпен атап көрсетті. “Қызғылт-сары төңкерістің” толқынымен қаңтар айында билікке келген В.Ющенко жемқорлыққа қарсы күресті өзінің ең басты мақсаты етіп алған болатын. Өткен сенбі күні мемлекеттік хатшы Олександр Зинченко В.Ющенконың жақын маңайындағы тұлғаларды жемқор деп айыптап, қызметінен бас тартты.
XS
SM
MD
LG