Accessibility links

Дж.Буштың жан-жақтан ағылған сынға алаңдайтын уақыты жоқ, апат салдарымен күресуде...


ВАШИНГТОН. Ақ үй “кім кінәлі?” деген сынға алаңдамай, оның орнына “Катрина” дауылынан апатқа ұшыраған аумақтарды құтқару мен көмек беруге күш жұмсайтынын мәлімдейді. Президент Дж.Буштың әкімшілігі соңғы күндері апатқа ұшыраған штаттарға федералдық биліктің көмегін тым кеш жіберді деп қатты сыналды. Бірақ бүгін Ақ үйдің ресми өкілі Скотт Маклеллан “әлі де дереу шешуді талап ететін пробемалар баршылық” деп мәлімдеп, “үкіметтің іс-қимылын тиянақты сараптайтын уақыт та әлі келеді” дегенді қосты. Оның хабарлауынша, президент Дж.Буш жұмыс күнін апатқа ұшыраған аумақтарды қалпына келтіру мәселесіне арнап, үкімет мүшелерімен, қайырымдылық ұйымдарымен және Конгресс лидерлерімен кездесті.
XS
SM
MD
LG