Accessibility links

Иран оппозициясы ұлттық үкіметтің “ядролық саясатын” ащы сынға алып отыр


ТЕҺРАН. Бүгін Иран оппозициясының реформашыл әрі жетекші қанаты болып табылатын “Руханияттың әскери ассоциациясы” (MJM) елдің ядролық бағдарламасы бойынша Еуроодақпен арадағы келіссөзінде билік саяси қателік жіберді деп айыптады. Жартылай ресми ИЛНА агенттігіне берген сұхбатында ассоциацияның өкілі Расул Монтахабния президент Махмуд Ахмадинеджад бастаған үкіметтің ұстанған саясаты “тым ұрыншақ” болып, ақыр аяғында МАГАТЭ-не соңғы қарарын қабылдауға соқтырды деп атап көрсеті. Сенбі күні МАГАТЭ басқармасы Венада егер Иран өзінің ядролық саясатын өзгертпейтін болса, онда оған жаза қолдану үшін “Иран мәселесі” БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына берілуі мүмкін деген қарар шығарды.
XS
SM
MD
LG