Accessibility links

Құс тұмауы ғаламдық індетке айналуы мүмкін бе?


Дүниежүзілік денсаулық агенттігі құс тұмауының ғаламдық індеті болуы мүмкін деген асыра жорамалдарға сын айтты. Ұйым өкілі Дик Томсон құс тұмауынан шығуы мүмкін індеттен қанша адам өлетінін болжамдау өте қиын деді. Ал мұның алдында Дүниежүзілік денсаулық агенттігінің басқа өкілі Девид Набарро құс тұмауы вирусының мутациясына тосқауыл қойылмаса ғаламдық індет шығып, әлем жүзінде кемінде 150 миллион адам өлуі мүмкін деген болжам айтты. Құс тұмауының індеті әлем бойынша биыл Қазақстан мен Ресейде шықты.
XS
SM
MD
LG