Accessibility links

Кеше Иран президенті Махмұд Ахмаденижедтің Израилды карта бетінен жоқ қылу керек деген сөзінен кейін, Израил үкіметінің ресмилері бүгін Иранды БҰҰ-ның қатарынан шығару туралы шақыруларын күшейте түсті


Иерусалим. Израил премьер-министрінің орынбасары Шимон Перес Иран президентінің бұл айтқандары БҰҰ-ның тарихында оның бір мүшесі екіншісін құртуға шақырған бірінші жағдай, бұл аталған ұйымның атына кір келтіреді деп атап көрсетті. Сәрсенбі күні Ресей сыртқы істер министрімен бірге баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде Силван Шалом былай деп атап көрсетті:

- Израил Иранның ядролық және зымырандық қорлары туралы терең алаңдаушылық танытады. Бұл алаңдаушылықты Халықаралық атом агенттігі және халықаралық белсенділер бөліседі. Біз халықаралық қауымдастық және оның бір мүшесі ретінде Ресей Иранның ядролық бағдарламаларының алдын алатын қажетті қадамдарға барады ғой деп үміттенеміз.

Сергей Лавров Ресей Шаломның Иран әлемдік қауіпсіздікке қауіп төндіріп тұр деген мәлімдеулеріне қосыла алмайды деп жауап берген. Ахмаденижедтің шақырулары халықаралық қауымдастық арасында кең көлемді наразылық туғызды. Европа комиссиясының ресмилері, Франция, Испания мен Италия, Германия және АҚШ Ахмаденижедтің сөздерін айыптады.
XS
SM
MD
LG