Accessibility links

Кабулдағы соңғы 2 шабуыл – Ауғанстандағы ахуалдың бір қалыпқа түспегенін байқатты


ВЕНА. Бүгін Венада Ауғанстан президенті Х.Қарзай өз елі халықаралық күштердің көмегіне әлі біраз уақыт мұқтаж болады деп мәлімдеді. Оның айтуынша, жанкешті-лаңкестердің Кабулда дүйсенбі күні іске асырған соңғы 2 шабуылы Ауғанстандағы ахуалдың әлі бір қалыпқа келмегенін және Кабулға халықаралық қауіпсіздік күштерінің әлі де қажет болып отырғанын дәлелдейді. Ауғанстан полициясы халықаралық күштердің құрамындағы 1 неміс жауынгері мен 7 ауған азаматы қаза болған соңғы шабуыл үшін Әл-Қаида ұйымын айыптады.
XS
SM
MD
LG