Accessibility links

Лех Валенса тыңшы болған емес деп тағы анықталды


Польша Тарих институты "Солидарность" кәсіподағының құрылтайшысы және елдің бұрынғы президенті Лех Валенса социализм заманында құпия полицияға қызмет еткен емес деп, оны біржолата ақтап алды. Лех Валенса коммунистік Польша құпия мекемелерімен сыбайлас болмаған деген шешімді 2000 жылы сот та шығарған. Асыра консервативтік бағыттағы "Мария" радиосындағы пікірталаста Лех Валенса коммунист басшылармен сыбайлас болған деп қайта айыпталған соң ол осы жолы Тарих институтына ақтау өтінішін жасады. Лех Валенса "Мария" радиосын биыл көктемде сотқа берген. Лех Валенса 1980 жылдардың басында төтенше жағдай кезеңінде түрмеге отырғызылған еді.
XS
SM
MD
LG