Accessibility links

Ирақ елбасы Жалал Талабани Теһранда Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеймен кездесті


Хаменей мырза Ирақтан АҚШ солдаттарының шығу кестесін жасауды Талабаниден сұрады. Оның пікірінше, лаңкестік әрекеттерге АҚШ солдаттары айыпты. Ал, Талабани болса Иранды “шын мәніндегі досы” деп білетіндігін айтты. Ирақтың Тикрит қаласында билікті тапсыру салтанаты кезінде минометтен оқ жаудырылды. Шығындар жөнінде хабар жоқ. Киркукте көліктегі бомба жарылысынан кем дегенде 15 адам қаза болып, 24-і жараланған.
XS
SM
MD
LG