Accessibility links

Батыс елдері Беларус билігіне ескерту жасауда


Минск. Осыдан бір күн бұрын Беларус парламентінің төменгі палатасы Лукашенконың билік режиміне қарсы әрекет жасаған азаматтарды жауапкершілікке тартатын заң жобасын мақұлдаған болатын. Батыс елдері осы заң төңірегінде өз алаңдаушылықтарын білдіріп жатыр. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі егер аталған заң толық мақұлданатын болса, ол Беларус билігі үшін жақсы нәтиже бермейді деп атап көрсеткен. Европадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы да алаңдаушылық білдірген мәлімдеме таратты. Алайда Беларустың мемлекеттік қауіпсіздік комитеті мұндай заң өте қажет, өйткені Беларус елінде келесі жылы президент сайлауы болады дегенді алға тартты. Сөз болып отырған заңды енді Беларус парламентінің жоғарғы палатасы мақұлдауы тиіс.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG