Accessibility links

АҚШ президенті Буш Қазақстан президенттігіне қайта сайланған Н.Назарбаевты құттықтады


Сенбі күні АҚШ президенті Дж.Буш желтоқсанның 4-күні өткен сайлауда Қазақстан президенті болып жаңа мерзімге қайтадан сайланған Н.Назарбаевты құттықтап, сайлау кезінде орын алған келеңсіздіктерді зерттеуге шақырды. Ал Ақ үйдің өкілі Блэар Джоунстың айтуынша, президент Назарбаев айтылған жағдайды зерттеуге дайын екендігін білдіріпті.

Өткен жексенбі күнгі сайлауда Н.Назарбаев 91 пайыздық дауыспен 7 жылға қайта сайланды. Бірақ, халықаралық бақылаушылар дауыс беру кезінде бұрмалаушылықтардың болғанын, оппозицияға қысым, қудалау жасалғанын атап өтті. Батыстық жетекшілер президент Назарбаевты елдегі реформалар және саяси тұрақтылық үшін мақтайды.
XS
SM
MD
LG