Accessibility links

Еуропа ұйымы Орталық Азиядағы мәселелерге көбірек ақша бөледі


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Орталық Азия шеңберінде келесі жылы адам құқықтары мәселелеріне көбірек ақша бөлуге келісті. Ұйымның келесі жылғы жалпы бюджеті 168,2 миллион евроны құрады. Ұйымның Орталық Азиядағы өкілдіктеріне биылғы жылға қарағанда бір миллион евро көбірек берілетін болды. Есесіне ұйымның Балкан елдеріндегі және Грузиядағы шығындары азаяды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына жарналық сомаларды көбінесе АҚШ, Германия, Италия және Франция төлеп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG