Accessibility links

АҚШ Конгресі президент Дж.Буштың іс-әрекетінің Конституцияға сәйкестігі бойынша арнайы тыңдау өткізеді


САН-АНТОНИО. Ирақта жараланып, Тексас штатының әскери-дәрігерлік орталығында емделіп жатқан АҚШ жауынгерлеріне барған кезінде АҚШ президенті Дж.Буш кеше АҚШ азаматтарының электрондық хаттарын оқып, халықаралық телефон әңгімелерін тыңдау бағдарламасын қорғап бақты: “Менің ойымша, жаудың не ойлайтынын білу қажеттігін америкалықтардың басым көпшілігі түсінеді. Бұл біздің атқарып жатқан ісіміз. Біз қаніпезер кісі өлтірушілерге қарсы соғыс жарияладық. Мен алға қойған мақсатымды заң жүзінде іске асыруға жауаптымын”. АҚШ Конгресінің кейбір мүшесі 2001-інші жылдың 11-інші қыркүйегіндегі шабуылдан кейін соттың үкімінсіз телефон әңгімелерін тыңдау бағдарламмасын қабылдауға Дж.Буштың конституциялық құзыры мен билігінің бар-жоқтығын анықтау үшін арнайы тыңдау өткізуді жоспарлағанын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG