Accessibility links

Палестинада сайлау науқаны басталды


РАМАЛЛАҺ. Қаңтар айының 25-нде Палестинада парламенттік сайлаулар өтеді деп жоспарланған. Сайлау алды науқаны кеше басталды. Президент Махмұд Аббастың “Фатах” қозғалысы сайлауды “тарихи мүмкіндік” деп сипаттады. Ал Газа аймағында сайлау науқанын бастаған жауынгерлік “Хамас” тобы дауыс беру процесін кейінге қалдырмау керек деді. Дүйсенбі күні президент Махмұд Аббас егер Израиль Иерусалимде дауыс беру үдерісіне кедергі жасайтын болса, онда сайлау кейінге қалдырылуы мүмкін деп мәлімдеген болатын. АҚШ президенті Джордж Буш та сайлаудың өз уақытында өтуін қалайды.
XS
SM
MD
LG