Accessibility links

Компартияның лидері ретінде билік басына 1989 жылы отырған Н.Назарбаев бүгін 3 рет қатарынан президент қызметіне кіріседі


АСТАНА. Бүгін Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың мемлекет басшысы қызметіне ресми кірісу рәсімі – инаугурациясы өтеді. Н.Назарбаев - 4-інші желтоқсанда өткен кезекті президент сайлауында 91 пайыз дауыс жинап, келесі 7 жылдық мерзімге президент болып сайланды. Дауыс беру барысын бақылаған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бұл сайлауды демократияның халықаралық стандартарына қайшы өтті деп бағалады. Н.Назарбаев – билік басына ұлттық тәуелсіздіктен 2 жыл бұрын, 1989-ыншы жылы коммунистік партияның бірінші хатшысы болып келді. Қазақстан президентінің инаугурациясына 70-тей елдің ресми өкілдері, оның ішінде Ресейдің, Украинаның, Грузияның, Ауғанстанның президенттері келіп қатысады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG