Accessibility links

Түркіменстан президенті Мәскеуден түркімен газының бағасын өсіруді талап етпекші


МӘСКЕУ. Түркіменстан президенті С.Ниязов бүгін 2 күндік сапармен Мәскеуге аттанды. Оның барысында түркімен лидері газ экспортының мәселесін талқылауға тиіс. Түркімен газы – қаңтар айының басында Ресей мен Украинаның өзара келісімге келген шарттың құрамдас бөлігі болып отыр. Осы 5 жылдық шартқа сәйкес, Украина Ресей мен түркімен газының 1 мың текше метрін 95 долларға сатып алып отырады. Алайда Украина парламенті – Жоғарғы Рада бұл келісім-шартқа наразылық білдіріп, премьер-министр Ю.Ехануров бастаған үкіметті тарату туралы қаулы қабылдады. Украина президеті В.Ющенко бұл қаулыны конституцияға қайшы шешім деп бағалады. Кеше Ресей мен Украина газ мәселесі бойынша құжатқа қол қоюды кейінгі ысырды. Украинаның отын және энергетика министрі Иван Плачков та Мәскеуде С.Ниязовпен газ мәселесін талдауға тиіс.
XS
SM
MD
LG