Accessibility links

Теһран Брюссельді өзінің ядролық мәселесі бойынша келіссөзіне қайта оралуға шақырады


ТЕҺРАН. Иранның ядролық бағдарлама бойынша келіссөз жүргізетін ресми өкілі егер елдің “ядролық ісі” БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне берілетін болса, Теһран уранды байыту ісін өнеркәсіптік деңгейде қайта қолға алуы ықтимал деп мәлімдеді. Иранның Ұлттық қауіпсіздігі бойынша Жоғарғы Кеңестің хатшысы Әли Лариджани бұл пікірін Теһранда британдық “Файнэншл таймс” басылымына берген сұхбатында айтады. Байытылған уранды атом реакторларына отын ретінде және ядролық қару шығару үшін де қолдануға болады. Ә.Лариджани, сонымен бірге, Еуроодақты Теһранмен арадағы келіссөзіне қайта оралуға шақырды. Бұл келіссөз – Иранның уранды байыту өндірісін қайта іске қосуы салдарынан тоқтап, енді АҚШ пен Еуроодақ оны жазалау үшін “Иран мәселесін” БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі қарасын деп талап етуде. Атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігі “Иран мәселесін” Қауіпсіздік Кеңесіне беру мүмкіндігін келесі аптада талдауға тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG