Accessibility links

Франция кеше өз территориясына құс тұмауының келіп жеткендігін растады


Париж. Сондай-ақ Иран мен Үндістанда құс тұмауының тіркелгендігі хабарланды. Франция ауылшаруашылық министрлігі жариялаған мәлімдемеде құс тұмауы вирусы елдің орталық-шығысында өлген жабайы үйректерден табылған. Бұл Францияда құс тұмауының алғаш рет тіркелуі. Лионның маңайында өліп қалған жеті жабайы үйрек 13 ақпан күні табылған болатын. Иранның ресми агенттігі таратқан хабарға қарағанда, Гилван провинциясында жүзден астам өлген жабайы аққулардың ажалы - құс тұмауының вирусы болғандығы анықталған. Үндістанның Махараштра аймағында 50 мыңдай құс өлігі табылған. Сегіз адамның анализдері зертханаға жіберілген. 2003 жылы құс тұмауы шыққаннан бері жер бетінде 90 адам осы індет құрбаны болды.
XS
SM
MD
LG