Accessibility links

Хабар-ошарсыз жоғалған 1400-дей тұрғынның ішінде 250-дей мектеп оқушысы бар


МАНИЛА. Кеше Филиппинде өткен жұма күні Гинсогон ауылын шайып өткен алып су тасқынының құрбандары жерленді. Құтқарушылар нөсер жаңбырдың астында қалыңдығы бірнеше метр болатын балшық пен тастың және топырақтың астынан қаза болғандарды қазып іздестіру үстінде. Әзірше 70 адамның мәйіті табылды. Хабар-ошарсыз жоғалғандардың тізімінде әлі 1.400-ге жуық адамның, оның ішінде жергілікті мектептің 250-дей оқушысы мен мұғалімдердің есімдері бар. Құтқару жұмыстарына АҚШ-тың әскери теңізшілері атсалысып, Малайзия көмекке әскери дәрігерлердің тобын аттандырды.
XS
SM
MD
LG