Accessibility links

Еуроодаққа мүше болу үшін Сербия әскери қылмыскерлерді ұстап беруге тиіс


БРЮССЕЛЬ. Еуропа Одағы Сербияны әскери қылмыстар бойынша Халықаралық Гаага трибуналына әлдеқайда белсенді түрде көмек беру керектігін ескертпекші. Еуроодаққа мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің бүгін Брюссельде өтіп жатқан бас қосуында осы мәселе басты назарда болады. Брюссель Сербияның Еуроодаққа мүше болып қабылдануы – осы күні іздеу салынған әскери қылмыскерлерді, оның ішінде ең алдымен Радован Караджич пен Ратко Младичті Гаага трибуналына ұстап беруіне тікелей байланысты болатынын ескертті. Таяуда Ратко Младичтің қолға түскені туралы әлі расталмаған хабар шықты. Сербия үкіметі ол хабарды жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG