Accessibility links

Ауғанстанда талибаншылармен екі қақтығыс болды


Ауғанстан оңтүстігіндегі Қандағар провинциясында полиция мен талибаншылар арасында қақтығыс болды. Екі сағатқа созылған шайқастың барысында бес полиция сарбазы мен екі талибаншы жауынгер қаза тапты. Талибаншылар алдымен дүйсенбі күні қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасады деп айтылды. Талибаншылармен қақтығыс Пактия провинциясында да болды бүгін, Зұрмат аудан әкімшілігінің қызметкері Мұхамед Захир және бір талибаншы қаза тапты.
XS
SM
MD
LG