Accessibility links

АҚШ пен Ұлыбританияның жоғары лауазымды өкілдері Ирақ басшыларын тез арада жаңа үкімет құруға шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысы мен Британия Сыртқы істер министрі күтпеген жағдайда Бағдадқа келіп, Ирақ жетекшілерін тез арада жаңа үкімет құруға шақырды. Кондолиза Райс пен Джэк Строу Ирақ президенті Жалал Талабанимен, премьер-министр Ибрахим Әл-Жафари және тағы басқа ресми өкілдермен кездесті. Ал Си-Эн-Эн-ге берген сұхбатында Ирақ Сыртқы істер министрі Хошияр Зебари егер жақын арада ұлттық үкімет құрылмаса, онда елде зорлық-зомбылық әрекеттері одан сайын көбейеді деді. Соңғы кездері Ирақта сектанттық негіздегі қақтығыстар орын алуда. Бакуба қаласында қарулы адамдар шииттердің мешітін қиратқан. Ал Бағдадта 40 адамның мәйіттері табылған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG