Ауғаныстанның Кунар провинциясында Құрама Штаттардың әуеден берген соққысы кезінде, алты Талибан жасағы өлген. Рейтер ақпарат агентігінің хабарына қарағанда, жұма күнгі әуеден берілген соққы Ауғанстан мен АҚШ бастаған күштердің таудағы операциясының бір бөлігі болған. АҚШ әскерилері мен Ауған әскері бұл жағдай жөнінде ресми түрде хабарлаған жоқ. Сонымен қатар, жұма күні Хост қаласының маңында жолға қойылған бомбадан үш ауған полицейі қаза болды. Ал, Хельманд провинциясында орын алған жанкешітілік көлік жарылысынан екі британ әскері жараланған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?