Ресей жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, осы елдің сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Кисляк Ирандағы ядролық бағдарлама бойынша БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне ұсынылған шешім жобасына негізгі өзгертулер қажет, деген. Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері бүгін, Британия мен Франция ұсынған ол жобаны талқылауда. Шешім жобасында, БҰҰ-ның 7-хартиясы негізінде, егер Иран өз уран байыту шараларын тоқтатпаса, онда санкция жариялануы, тіпті әскери шара қолданылуы мүмкін екендігі көрсетілген. Әзірше Кеңестен тұрақты мүшелер Ресей мен Қытай ол жобаға қарсы болып отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?