Accessibility links

Көкектің басынан бері АҚШ долларының еуроға қатысты бағамы 8 пайызға төмендеп кетті

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Сарапшылардың пікірінше АҚШ пен Қытай сияқты елдер арасындағы саудадағы теңсіздікті ретке келтіру үшін әлемдік қаржы министрлері доллардың құлдырауына мүмкіндік беруге шешім қабылдаған. Доллардың болашағы мен ол үдерістің бұрынғы Совет өкіметі елдеріне тигізетін әсері жөнінде тоқталамыз.

Доллар бағамының күрт төмендеп кетуінің сырлары жөнінде Азаттық радиосының Уашингтондағы тілшісі Жюли Корвин Халықаралық экономика институтының аға қызметкері Андрес Асландпен сұхбаттасқан болатын. Құрама Штаттарының сыртқы саудасындағы тапшылығын азайтып, сыртқа шығаратын заттарын арзандату мақсатында Буш әкімшілігі доллардың бағамын төмендетіп отырған жоқ па?-деген сауалға сарапшы Асланд Құрама Штаттардың қазіргі есеп-шотындағы тапшылықты ретке келтіру үшін Халықаралық істер бойынша қазына хатшысының көмекшісі Клей Лоуери осы ресми бағытты жариялаған болатын, деп жауап берді. “Егер сіз байқап қарасаңыз,-дейді сарапшы Асланд-, Құрама Штаттардың импорты жалпы ішкі өнімнің 32 пайызын құрайды. Ал экспорт болса- 25 пайыз көлемінде.

Мәселенің бұлай жалғаса беруі мүмкін емес. Әйтеуір бір өзгеріс жасау керек. Ең оңтайлысы- алмастыру бағамын өзгерту. Буш әкімшілігі доллардың шамадан тыс құлдырап кетпеуін қадағаламай ма деген сауалға сарапшы Асланд:

“Бұл-еркін нарық базары. Алдағы уақытта да доллар одан әрі құлдырай бермекші, деген болжам бар. Алайда, өткен жылы да осындай болжамдар айтылды. Бірақ іс жүзінде олай болған жоқ. Ол мүмкін мұнайға байланысты доллардың АҚШ-қа көптеп келуіне байланысты болған шығар”.

Ол сондай-ақ аталған сұхбатында доллардың құнсыздануының Шығыс Еуропа елдеріне тигізер әсеріне де тоқталып өтті. Бұл жағдай әсіресе үш түрлі салаға айрықша әсер етеді екен. Біріншіден, доллармен жасалған тиімді келісім-шарттарға әсер етпекші.

“Доллармен бағаланатын барлық газ жөнелту үдерістерін бір жыл немесе одан да көп уақыт шегімен алсаңыз мұның өзі Ресейге келетін кең көлемдегі көлденең пайдаларды азайтады. Екіншіден, азаматтардың доллармен жинаған қорлары бар. Демек, орта тап өкілдері жапа шегуде. Сонымен орта тап өкілдері өздері жинақтағын қаржы қорларының инфляция себебімен ғана емес, сондай-ақ доллардың құлауына байланысты да құнсызданғандығына өкінулі”, - дейді Асланд.

Үшінші әсер доллармен айлық алатындарға тиесілі болмақшы. Ол жалақы төлемі өзгертілуі керек. Олар - жеке секторлық жалақылар. Тағы да орта тап өкілдері зардап шегуде, дейді сарапшы. Ресейліктер мүмкін ұзақ мерзімге энергия көздеріне төлемді еуромен саудаласуға көшер деген сұраққа байланысты:

“Бұл - үлкен сауал. Ресейліктер бұл жөнінде анда-санда айтып қояды. Олар импортты еуро аймақтан қабылдауда. Ал, экспортқа доллармен тауар шығаруда. Орталық Азия елдеріне келер болсақ, олардың Еуропамен сауда байланысы шамалы ғана. Қазақстан үшін доллардың құлдырауының біраз әсері болуы мүмкін, алайда соншалықты дәрежеде көп емес. Ал, шетке газ шығаратын Түркіменстан келісім-шарттарды доллармен жасаған. Дей тұрғанмен, газ бағасы онсыз да жоғары көтеріліп кеткен еді ғой», - дейді сарапшы Асланд.
XS
SM
MD
LG